Қызылордада емхана анықтама құнын негізсіз қымбаттатқан

Қызылорда қаласының прокуратурасы дәрігерлік анықтама үшін қызмет құнының негізсіз қымбаттатылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ  - архив 2 Желтоқсан 2024 2024, 17:18
2 Желтоқсан 2024 2024, 17:18
772
Фото: - архив

Қызылорда қаласының прокуратурасы дәрігерлік анықтама үшін қызмет құнының негізсіз қымбаттатылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметінше, көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден өткізу жөніндегі комиссияның құрамына учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы дәрігерлік практика дәрігері, психиатр, офтальмолог және отоларинголог енгізіледі.

Алайда Қызылорда қалалық орталық емханасында №073/е анықтамасының (жүргізуші куәлігі үшін қажетті) қызмет құнына терапия, офтальмолог, отоларинголог медбикелерінің ақысы негізсіз қосылған, - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейінанықтама үшін қызметтің құны 5700 теңгеден 3500 теңгеге дейін төмендетіліп, шектелмеген тұлғалардың құқықтары қорғалды.

Наверх