Қызылордада 53 отбасыға тұрғын үй кілті табысталды

10 Қаңтар 2024, 14:09
603
Бөлісу:
Қызылордада 53 отбасыға тұрғын үй кілті табысталды
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

 Қызылорда қаласында 53 отбасыға тұрғын үй кілтін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары Жигули Дайрабаев, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев та қатысты.

Халықты баспанамен қамту - мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты. Жыл сайын аймақта пайдалануға берілген тұрғын үй саны артуда. Өткен жылы 4 108 пәтерлік 300 тұрғын үй салынды. Осылайша 2400-ге жуық пәтер табысталып, 11 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Биыл мемлекеттік бюджеттен 14,3 млрд. теңгеге 1890 пәтерлік 70 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Оның 16-сы жеті қабатты болады. Мемлекет басшысы «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді», – деп атап өткен еді. Былтыр аймаңымыздың  барлық ауданында 450-ге жуық отбасы баспана қуанышына кенелді. Бүгін Тасбөгет кентінде 53 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл - тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Қызылордада 53 отбасыға тұрғын үй кілті табысталды


Рәсімде Парламент Мәжілісінің депутаттары Жигули Дайрабаев пен Мархабат Жайымбетов баспана кілтін алған тұрғындарды құттықтады. Қоныстой иелерінің атынан мектеп мұғалімі Мереке Тауманова қуанышын жеткізіп, аймақ басшысына алғыс білдірді.

Қызылордада 53 отбасыға тұрғын үй кілті табысталды


Іс-шарада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кент тұрғындары мен құрылысты сапалы салуға атсалысқан мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы