«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығында саябақтарды, аллеялар мен скверлерді қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалада қолайлы климат пен тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз ортаны сақтау үшін жаңа демалыс аймақтарын, ойын-сауық саябақтарын салу жоспарлануда, - деді Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Сырлыбаев.
Сондай-ақ, жазғы кезеңде қала тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Соңғы екі жылда қаламыз шынымен әдемі, заманауи көрініске ие болды. Жаяужүргіншілер жолы салынып, көшелер абаттандырылып, Сұлтан Бейбарыс, Н. Назарбаев даңғылдарында субұрқақтар орнатылды.
Сонымен қатар, биыл жеке кәсіпкердің демеушілігімен Қызылорда қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық акциялары Б.Шөкенов атындағы саябақ пен Президенттік саябақ сияқты қызылордалықтардың сүйікті демалыс орындарының жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.
548 арнайы техникалар қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.