Астанадағы өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің күзгі маусымын Қызылорда облысы жалғастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өңір аграршылары елордаға 450 тоннадан астам өнім алып келеді.
Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі 16 және 17 қыркүйек күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
Фермерлер Астанаға 450 тоннадан астам өнім әкеледі. Оның ішінде -130 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет, 30 тоннаға жуық балық, 3 тонна тұз, 30 тоннаға жуық көкөніс пен жеміс, 230 тонна бақша, 10 тонна сүт және 5 тонна кондитерлік өнімдер және басқа да тауар түрлері бар.
Жәрмеңке қонақтарына Қызылорда облысының мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Биыл жәрмеңкені өткізу орны Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшірілді.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада демалыс күндері қалалық жәрмеңкелер өткізіледі. Өткізілетін күндер сенбі-жексенбі.
Жәрмеңкеге азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілер және жақын маңдағы аудандардан шаруа қожалықтары қатысады.
Жәрмеңкелер әр ауданда, арнайы белгіленген жерде өтеді.