Қызылорда облысындағы 18 ауылда ішімдік сатылмайды

Бүгiн, 01:21
368
Бөлісу:
Қызылорда облысындағы 18 ауылда ішімдік сатылмайды
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысындағы алкогольден бас тартқан елді мекендерде қылмыс та тоқтаған. Соның бірі – Өзгент ауылы. Бұл ауылдық округте ішімдік сатылмағалы 10 жылға жуықтапты, деп хабарлайды BAQ.KZ "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.

Зияда Ядыгарованың дүкен ашқанына 20 жыл болған. Кейінгі 10 жыл көлемінде ауыл ақсақалдарының ұсынысы бойынша ішімдік сатуды тоқтатқан.

Бұл бастамадан кейін табысым азайып қалған жоқ. Керісінше кәсібім өрге басып, шағын дүкенім кеңейді, - дейді ол.

Өзгент ауылының негізгі тіршілік көзі - егін және мал шаруашылығы. Сондықтан мұндағы дүкендерде арақ-шарап емес, ағарған көбірек сатылады. Жалпы ішімдік сатуды мұндағы дүкендердің барлығы осыдан 10 жыл бұрын тоқтатқан. Содан бері бұл елді мекен аудандағы ең үздік ауылдардың қатарына еніп отыр.

1800-ден аса тұрғыны бар ауылдың көшелеріне түгел жол төселген. Екі жыл бұрын жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілген. Спорттық ойын алаңдары да жеткілікті.

Ауылдық округтен кейінгі 5 жыл көлемінде қылмыс тіркелмеген. Мал ұрлығы және басқа да бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша қылмыс та тіркелмеді, - деді учаскелік полиция инспекторы Сүйіндік Асылбаев.

Облыстық прокуратураның мәліметі бойынша 49 ауылдық округте кейінгі екі жыл бойы қылмыс тіркелмеген. Ал 18 елді мекендегі дүкендер алкогольдік сусын сатудан біржола бас тартқан.

Өзгелердің жаңалығы