Қызылорда облысында жаңа туған сәби шұғыл түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

Баланы дереу ауруханаға жеткізу қажеттілігіне байланысты эвакуация жедел түрде жүзеге асырылды.

 ТЖМ баспасөз қызметі 6 Қыркүйек 2025 2025, 21:50
6 Қыркүйек 2025 2025, 21:50
1023
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» әуе кемесінің экипажы Қармақшы ауданының Төретам елді мекенінен Қызылорда қаласына жаңа туған сәбиді шұғыл жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, баланы дереу ауруханаға жеткізу қажеттілігіне байланысты эвакуация жедел түрде жүзеге асырылды. Ұшқыштар Назель Нұрғалиева мен Бейсенғали Тоғызбаев, сондай-ақ медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында нәресте қауіпсіз әрі жылдам медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді.

Наверх