Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылорда облысында жаңа инсульт орталығы ашылды

Бүгiн, 16:16
116
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 42 төсектік кардиологиялық және инсульт орталығы орналасқан аудандық аурухананың жаңа корпусының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоба мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен толық қаржыландырылды.

Болашақта мұнда МРТ аппаратын орнату жоспарлануда, бүгінде аурухананы компьютерлік томографпен жарақтандыру мәселесі шешілді.

"Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының шеңберінде өңірде қазірдің өзінде тұрғындар медициналық көмек алып жатқан 10,763 млрд теңгеге 27 медициналық нысан салынды.

Өзгелердің жаңалығы