Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

12 Қазан 2023, 14:22
923
Бөлісу:
Қызылорда облысында үшем дүниеге келді
Фото: - архив

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы дүниеге үшемдер әкелген ананы құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 жастағы қала тұрғыны Алтынай Байназарова 15 қыркүйек күні облыстық перинаталдық орталығында дүниеге үшемдердi әкелген болатын. Жүктіліктің 34-аптасында өмiрге келген нәрестелер, биыл жарық дүниеге есігін ашқан 2-ші үшемдер.

Қошқарбаевтар әулетінiң сәбилерi 2180, 2090, 1390 грамм болып дүниеге келді. Үшеуі де қыз. Ата-әжелері немерелерін Әмина, Медина, Ясина деп атады.

Шақалақтар 1 ай бойы перинаталдық орталығының нәрестелер жансақтау, нәрестелер патологиясы бөлімшесінде ем қабылдап, қазіргі таңда жағдайлары тұрақталған соң анасымен бірге бүгін үйлерiне шығарылып отыр.

Ана мен бала орталығының босандыру бөлімшесіне, ота жасайтын және емдеуші дәрігерлерiне зор алғысымды білдіремін. Орталықтағы ана мен бала үшін қолайлы жағдайдың жасалатыны, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етiлуi, білікті мамандардың жоғары кәсібилігі үшін рахмет. Ақ халаттылардың нәтижелi еңбегінiң арқасында біздің сәбилер толыққанды өмір сүру мүмкіндігін иеленуде , - деп үшемдер анасы сала мамандарына алғысын білдiрдi.

Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталығында 8339 нәресте дүниеге келсе, соның ішінде 120-i егіз, үшемдер саны - 2.

Өзгелердің жаңалығы