Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт саласындағы лауазымды тұлғалар тексерушіге пара бергені үшін сотталды.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі сомада айыппұл салынып, сотталды, - делінген хабарламада.
Жоғарыда аталған барлық адам облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.