Шілде айында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде белгіленген мерзімде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны туралы хабарламаған Байқоңыр қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі алынды. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы 2-бөлігімен 200 АЕК (738 400 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді. “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” ҚР Заңының 21-бабына сәйкес басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, көші-қон қызметі бөлімшелерін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде хабардар ету қажет.