Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қысқы кезеңде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Мұз-2024" профилактикалық акциясын жалғастыруда.
Акция аясында Сырдария өзенінің су тасқынына қауіпті учаскелерінде мониторинг жүргізілуде. Бұл жұмыстар су тасқынының алдын алу мақсатында қолға алынған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оқу-жаттығу ұшуы барысында "Еврокоптер" және "МИ-8" тікұшақтары, сондай-ақ квадроциклдер мен қарда жүретін көліктер сияқты жоғары өтімділік техникасы жұмылдырылды.