Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды

Бүгiн, 06:15
228
Бөлісу:
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын ұйымдастырған есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнында 52 жастағы ер адамның ұсталғаны белгілі болды. Ол сарайдың ішінде қабырғалары пластик фольгамен қапталған есірткі зертханасын жасаған.

Тексеру кезінде есірткі өсіруге арналған жарықдиодты жарықтандыру құрылғылары мен суаруға қажетті құрал-саймандар тәркіленді. Зертхана ішінен 214 түп қарасора өсімдігі заттай дәлел ретінде алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы төрт келіге жуық болған. Сонымен қатар кептірілген шөп тәріздес ерекше хош иісі бар заттар: 8 газет қиындысына, 6 полиэтилен пакетіне және пластикалық бөтелкеге салынған есірткі табылды, - делінген хабарламада.

Сараптама нәтижесі бойынша, олардың жалпы салмағы 5,4 келіден астам кептірілген марихуана және 4,65 грамм гашиш екені анықталды. Айыпталушы тергеу кезінде қамауда болды. Сот шешімі бойынша ол 12 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болды.

Өзгелердің жаңалығы