Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылорда облысында ер адам өрттен құтқарылды

25 Сәуір 2025, 08:10
581
Бөлісу:
 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде жеке тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бір ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, зардап шеккен адамды үйден шығарып үлгерген. Сонымен қатар, үш газ баллонын қауіпсіз жерге алып шығу арқылы мүмкін жарылыстың алдын алды.

Жедел әрекеттің арқасында өрт толықтай сөндірілді, – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда жарақат алған азаматтың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы