Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылорда облысында ауыр науқас ауруханаға шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді

24 Тамыз 2025, 04:50
465
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

«Қазавиақұтқару» ұшқыштары 36 жастағы науқасты Төретам ауылынан Қызылорда қаласына шұғыл жағдайда жеткізді, деп хабарлайды , деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару әуе кемесі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам елді мекенінің 1989 жылы туған тұрғынын шұғыл тасымалдады, - деп жазылған хабарламада.

Рейс әуе кемесінің командирі Баймұса Өркен мен екінші ұшқыш Ахметов Расулбектің басшылығымен орындалды. Тікұшақты жетекші инженер Зекеев Ерсұлтан мен авиатехник Жұмабеков Асхат дайындады.

Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде науқас жедел түрде Қызылорда қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді, - деп атап өтті құтқарушылар.

Еске сала кетейік, таяуда Жаңақорғанда жаңа туған нәресте шұғыл жағдайда Қызылордаға тікұшақпен жеткізілген болатын. Нәрестеге қажетті көмек дер кезінде көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы