Қызылорда облысында алимент төлемеген әке жауапқа тартылды

Бүгiн, 18:41
206
Бөлісу:
Қызылорда облысында алимент төлемеген әке жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде қазіргі таңда 40-қа жуық сотталған адам тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Олардың арасында өз балаларына алимент төлемегені үшін сот үкімімен жазаланғандар да бар. Пробация бақылауындағы үш азамат дәл осы себеппен есепке алынған. Олардың бірі Р. есімді азамат өзінің кәмелет жасқа толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарған. 

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚР ҚК-нің 139- бабымен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, 100 сағат мәжбүрлі еңбек тағайындалып, Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебіне алынады. Қазіргі уақытта сотталған Төретам мен Ақай кенттерінде көше тазалау жұмыстарын атқарып жүр.

Алиментті уақытында төлемегенімнің салдары осындай жауапкершілікке алып келді. Қателігімді түсіндім. Пробация қызметкерлері тұрақты жұмысқа орналасуға көмектесіп жатыр. Егер бұрыннан заң талаптарын орындап, өз міндетімді дұрыс атқарғанымда, мұндай жағдайға түспес едім. Жұмысқа орналасып, болашақта балаларыма тұрақты түрде көмектесуді ойлап жүрмін, – дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы