Қызылорда облысында 80-ге жуық ойын алаңы салынады

22 Шілде 2022, 09:43
2547
Бөлісу:
Қызылорда облысында 80-ге жуық ойын алаңы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес жарияланған «Балалар жылы» аясында қала, аудан әкімдеріне демеушілер арқылы өңір бүлдіршіндеріне тарту жасауды тапсырған. 

Қазіргі таңда демеушілер есебінен салынатын ойын алаңдарының аумақтар белгіленіп, қажетті жер телімдері табысталған.

Ойын және спорт алаңдарының 50-і облыс орталығында, қалған 30-ы аудандарда салынуда.

Спорттық тренажерлар, балалар ойын алаңы және футбол алаңымен қамтылатын бұл нысандар негізінен қаланың шет аймақтары мен ауылд елді мекендерде салынады.

Бүгінгі күнге Қызылорда қаласында 32 алаңының құрылысы басталса, аудандарда 6 ойын аалаңының құрылысы аяқталған және 5 алаңның құрылысы басталды.

Межеленген 80 алаңды қыркүйек айында толық пайдалануға беру жоспарлануда.

«Балалар жылы» аясында Қызылорда облысында жыл соңына дейін балаларға арналған тағы 10 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішінде 6 мектеп, дарынды балаларға арналған 2 орталық, 1 балабақша, 1 Оқушылар үйі мен Өнер мектебі бар. Мұнымен қоса жаңа оқу жылы қарсаңында жергілікті кәсіпкерлер 3 жекеменшік мектепті іске қоспақ. Ал балалар жылындағы ең үлкен сый – Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі Оқушылар сарайын салу туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен келісім жасалды.Бұл зәулім ғимарат Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан жаңа тұрғын ауданда бой көтеретін болады, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 6 мәдениет нысаны пайдалануға беріледі.

Жалпы «Балалар жылы» аясында қызылордалық бүлдіршіндерге жан-жақты жағдайлар мен қолдаулар қарқынды көрсетілуде. Соның бірі биылдың өзінде 8 мыңнан астам бала өңірдегі лагерьлерде тынығатын болады. 

Сондай-ақ «Атамекен» балалар ауылының түлектеріне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранты табысталып, 45 балаға «Қамбаш» лагеріне жолдама алды, көпбалалы отбасылар үшін облыс орталығынан 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. 

1 маусым бабалар күні қарсаңында орталық стадионда ұйымдастырылған мерекелік шара барысында арнайы санаттағы балалар мен халықаралық олимпиада жүлдегерлері атанған 100 балаға велосипед, 10 ноутбук және «Балдаурен» республикалық лагеріне жолдама үлестірілді. 

 

Өзгелердің жаңалығы