Қызылорда облысында 8 адам сот құзырымен ата-ана құқығынан айырылды

14 Қазан 2023, 00:24
672
Бөлісу:
Қызылорда облысында 8 адам сот құзырымен ата-ана құқығынан айырылды
Фото: архив

Қызылорда облысында балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін орындамаған 8 адам сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 6 адамның ата-аналық құқығы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу бойынша 6 251 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде 231-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды, 53 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әрбір рейдтер бойынша ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 112 кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға және кәмелетке толмағандардың темекі бұйымдарын сату дерегі бойынша 6 тұлғаға, жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін 9 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін орындамаған 8 адам сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 6 адамның ата-аналық құқығы шектелді. 5 кәмелетке толмаған облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына және 2 жасөспірім "Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына" орналастырылды, – делінген Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Әрбір рейдтер бойынша ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.

Өзгелердің жаңалығы