Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылорда-Астана пойызында босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

22 Сәуір 2025, 15:43
5111
Бөлісу:
 BAQ.KZ  архив
Фото: BAQ.KZ архив

Қарағанды облысында адам шошырлық жағдай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қызылорда-Астана бағытындағы пойызда жолаушы әйел вагон ішінде босанып, сәбиді терезеден лақтырып жіберген.

Ақпаратқа сәйкес, 20 сәуір күні пойыз Қарағанды станциясынан өткеннен кейін жолсерік санитарлық аймақтан қан іздерін және әжетханадағы лас жағдайды байқаған. Жолаушылардың бірі көрші купедегі әйелдің көрпенің астында қанға малынып жатқанын аңғарған. Кейін оның жаңа босанғаны анықталған.

Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексерудің нәтижесіне қарай, сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп жауап берді Көліктегі полиция департаменті редакцияның сауалына.

Кейінірек пойыз жолының жиегінен нәрестенің денесі табылған. Өкінішке қарай, сәби тірі қалмады.

Аталған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы