"Қызыл кітапқа" енген сұңқарларды заңсыз аулады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам Қызылорда облысы Полиция департаментінің және «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторларымен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұсталды. Ол «Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған.
Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес 2 құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.