Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтынемел ұлттық паркінде «Қызыл кітапқа» енген Түркістан сілеусіні видеоға түсіп қалды.
Видео парктің әлеуметтік парақшасында жарияланды.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Түркістан сілеусінінің күшіктерімен ұлттық парк шатқалдарының бірінде фототұзаққа түсті. Видеода енесінің артынан біржасар 3 сілеусіннің еріп жүргені байқалады.
Бұл сирек кездесетін жағдай, өйткені сілеусін әдетте 2 күшіктейді. Сілеусін 3 немесе одан көп күшіктеуі, бұл ұлттық паркте сілеусін үшін қолайлы өмір сүру жағдайлары қалыптасқанын көрсетеді. Ол – сібір тау ешкісі, қабанмен кейде кекіліктер, - делінген хабарламада.