Қызылорда облысының Арал ауданында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Борщев қызғалдақтары гүлдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл ресейлік ботаник Илья Григорьевич Борщовтың есімімен аталған Арал теңізі өңірінің эндемигі. Аталмыш қызғалдақ түрі Барсакелмес қорығында көптеп кездеседі, сәуір-мамыр айында гүлдеп, мамыр – маусым айларында жемістенеді. Жемісі — үш ұялы көп тұқымды қауашақ.
Естеріңізге сала кетейік, әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі, 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, оның ішінде Борщов қызғалдағы да бар.