Қарағанды облысында қолда өсірілген 52 сұңқар далаға жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Экономия және табиғи ресрустар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде 23-і - лашын, 29-ы - ителгі. Барлық құстар белсенді, далаға жіберуге алдын-ала дайындалған, сақиналармен белгіленіп, жабайы табиғатқа бейімделген.
Аталған жыртқыш құстар Біріккен Араб Әмірліктерінің тұқымбағында өсірілген.