Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді қорғаудың тиісті рәсімдері жасалмағаны анықталды

28 Сәуір 2023, 21:50
1795
Бөлісу:
Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді қорғаудың тиісті рәсімдері жасалмағаны анықталды
Фото: turkystan.kz

2021 жылғы маусымда жер ресурстарының ұтымды басқарылуын, пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы жер ресурстарының басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудит барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктердің таралу ареалының мәртебесі, сондай-ақ қолданыстағы заңнамамен оларды қорғаудың тиісті рәсімі реттелмегені анықталды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамасындағы олқылықтарды жою мәселесін қарау туралы ұсыным берілді, - деп жазды Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.

Осылайша, 2023 жылғы 2 қаңтарда Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің таралу аумақтарын айқындау тетігін және қорғау рәсімін реттейтін «Өсімдіктер дүниесі туралы» Заң қабылданды (16-бап).
 

Өзгелердің жаңалығы