Қызметкер ұжымдық келісім жасау арқылы түрлі жеңілдіктерге қол жеткізе алады

4 Қаңтар 2019, 12:40
1902
Бөлісу:
Қызметкер ұжымдық келісім жасау арқылы түрлі жеңілдіктерге қол жеткізе алады

Алматы, baq.kz. Алматыдағы 12 мыңнан астам кәсіпорынның 400 мыңға жуық қызметкері ұжымдық келісімдерге қол қою арқылы жеңілдіктер мен кепілдіктерге қол жеткізуде. 

«Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәліметінше, мекеме әлеуметтік әріптестік шеңберінде, қалалық және аудандық әкімдіктермен, мемлекеттік еңбек инспекциясымен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалармен бірлесе отырып, оңтүстік астананың кәсіпорындарында көптеген ұжымдық келіссөздер жүргізген. Олардың ішінде: еңбек құқықтарын қорғау, еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау, сауықтыру және қызметкерлердің демалысын қорғау бойынша әлеуметтік кепілдіктерді қарастырады. Соңғы 3 айда қалада 7,4 мыңнан астам ұжымдық шарт жасалыпты.
«Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Зәуреш Өмірбаеваның айтуынша, кәсіподақтар ұжымдық келісімдер арқылы қызметкерлерге әділ сыйақы алуға, қосымша жеңілдіктерге, өтемақы төлемдеріне және қауіпсіз еңбек жағдайына қол жеткізе алады. Әрбір мекеме, қандай талаптарды құжатта көрсететінін таңдайды. Ең бастысы, ол міндетті және ынталандыру кепілдігі бар болуы шарт. Қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы, некеге тұру кезінде, баланың тууына және т.б. төленетін, демалыс уақытында еңбекке ақы төлеуді қамтиды. Сондай-ақ, ынталандыру кепілдіктеріне өндірістік апат немесе кәсіптік ауру, қызметкердің сыйақысы, индексация нәтижесінде қызметкердің немесе қызметкердің отбасы мүшелерінің біржолғы төлемдері кіреді.
З. Өмірбаева атап өткендей, Алматыда жұмыс берушілер түрлі әлеуметтік жеңілдіктермен қызметкерлерді белсенді түрде қолдап келеді. Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Алматы электр станциялары" АҚ жалақыны 5%-ға индекстеуді бастайды және барлық қызметкерлеріне ең төменгі жалақыдан төрт есе мөлшерде демалысқа шыққанда, яғни 170 мың теңге материалдық көмек төлейді. Бұдан басқа, 2018 жылдың соңында компания, зейнеткерлікке шыққан 1077-і энергетика саласының мамандарына 30 мың теңгеге дейін қаржылай көмек көрсеткен.
Өзгелердің жаңалығы