Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Арнайы құрылымдар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеу жұмыстарын жалғастыруда. 5 қаңтарда Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 2 полиция департаменті мен 3 ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары өз ғимараттарын қарумен қалдырғаны белгілі. Олардың барлығы күдікті деп табылды. Оларға қатысты қызмет бабындағы әрекетсіздік бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды, - деді ол.
Қилымжанов атап өткендей, биылғы 1-2 сәуірінде Жамбыл облысы полиция департаментінің бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытшы ұстау изоляторына қамалды.
Басқа тұлғалаларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқығын сақтау мен заңдылыққа ерекше назар аударылып жатыр. Барлық тергеудің рұқсат етілмеген әдістері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледе,- деді Қилымжанов.