Қыздарды әлеуметтік желі, ұлдарды ашық-шашық контент құртады – психолог

Кеше, 16:14
475
Бөлісу:
Қыздарды әлеуметтік желі, ұлдарды ашық-шашық контент құртады – психолог
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы "Альфа ұрпақ" видео жобасында белгілі психолог Ержан Мырзабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Альфа ұрпақ – 2010 жылдан кейін туған балаларды сипаттайтын термин. Бүгінде бұл ұрпақ жасөспірімдік шақты толықтай цифрлық дәуірде өткеріп келеді. Олар смартфон, планшет, жасанды интеллект және басқа да жаңа технологиялармен туғаннан таныс.

Жобаның басты мақсаты – Z және Альфа ұрпағындағы жасөспірімдерге өздерін жақсырақ түсінуге көмектесу, ата-аналарымен қарым-қатынастарын нығайту, өмірге деген құлшыныстарын арттыру және қоғамдағы жауапкершіліктерін сезінуге бағыт беру. Сондай-ақ жоба дағдарыс кезеңіндегі оқушыларға қолдау көрсетуді көздейді.

Бағдарламаға қонақ ретінде психологтар, мұғалімдер, жастар ұйымдарының өкілдері шақырылады.

Өзгелердің жаңалығы