Қыздар "қырып" салды: Аида Әбікеева – алтын медаль иегері

Бөлісу:
Қыздар "қырып" салды: Аида Әбікеева – алтын медаль иегері
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Аида Әбікеева (63 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз ақтық сында таиландтық Тананья Сомнуекпен қолғап түйістірді. Аида Әбікеева үш раунд бойы жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетті. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі) және Алуа Балқыбекова (50 келі) алтыннан алқа тақса, Виктория Графеева (60 келі) күміс, Наталья Богданова (70 келі) қола жүлдеге ие болған еді.

Өзгелердің жаңалығы