Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қыздар 8 наурызда алған гүлдерін қайта сатып жатыр

9 Наурыз 2025, 15:35
1451
Бөлісу:

Қазақстандық интернет платформаларда сыйға тартылған гүлдерді қайта сату туралы хабарландырулар пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарнама авторлары гүлдердің әлі де әдемі екенін атап өтіп, олардың суреттерін жариялауда.

Мұндай гүлдердің бағасы 3 мың теңгеден басталып, кейбірінің құны 30-40 мың теңгеге дейін жетеді.

Сәл ғана қурап қалған. Құрғаған жапырақтарын алып тастасаңыз, жаңа гүлдей болады. Өте әдемі көрінеді. Бастапқы бағасы қазіргі құнынан 2,5 есе жоғары, – делінген хабарландырулардың бірінде.

Өзгелердің жаңалығы