Әлеуметтік желі арқылы қызбен танысып, кездесуге барған ақтөбелік бопсалаушыларға алданып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, оқиға 9 ақпанда болған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 25 жастағы жігітті қорқытып, 2 млн теңге бопсалаған күдіктілерді ұстаған.
Тергеп-тексеру шаралары барысында күдіктілердің екеуі бұрын сотталған болып шықты. Сондай-ақ бұл іске 19 жастағы бойжеткен қатысқан. Қыз әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітті жалдамалы пәтерге шақырған. Кейін бұл жерге күдіктілер келіп, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар бойжеткеннің кәмелетке толмағанын және оның еркінен тыс жігіт жыныстық қатынасқа түскенін хабарлап, 2 миллион теңге ақша сұраған, -дейді ол.
Белгілі болғандай, қазір бопсалаушылар ұсталып, кінәсін мойындаған. Олар қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.