Мұндай фактілер бізде ғана емес – Асқар Мырзахметов қыз алып қашуға қатысты

6 Желтоқсан 2019, 18:12
2401
Бөлісу:
Мұндай фактілер бізде ғана емес – Асқар Мырзахметов қыз алып қашуға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде өңірдегі қыз алып қашуға қатысты пікір білдірді. 

Қараша айының соңында Жамбыл облысында сүйктісін күштеп қалыңдық еткісі келген азамат қамауға алынған болатын. Шу қаласының 30 жастағы тұрғыны өзі ұнататын 20 жастағы қызға үйленбекші болады. Бірақ ару оған тұрмысқа шығудан бас тартады. Осыған намыстанған азамат қыздың жұмысына келіп, оны алып қашуға әрекет жасағаны БАҚ беттерінде жазылған еді. 

Әкімнің айтуынша, мұндай жағдай тек Жамбыл облысында ғана емес, басқа да аймақтарда болып жатыр. Дегенмен, ол мұндай жолмен үйлену әйел адамның құқығын шектеу екенін мойындады. 

Әрине, әйел адамның құқығын шектеп отыр. Бұған басқа қандай пікір білдіруге болады?, - дейді Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов. 

Өңір басшысы жергілікті билік тек осы жағдайға байланысты емес, жалпы адам ұрлығын азайтуға байланысты жұмысты жалғастырып жатқанын айтты. 

Жұмыс істелініп жатыр. Егер қандай да бір фактілер орын алса, жауапкершілікті заңға сәйкес қарау керек, - деп түйіндеді аймақ басшысы.
Бұған дейін, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәжілісінде Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірде экономиканың барлық саласында оң динамика қалыптасып отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы