Қытаймен кеден бекетінде 12 мыңнан астам көлік электронды кезекте тұр – Тоқаев

8 Ақпан 2022, 13:25
1998
Бөлісу:
Қытаймен кеден бекетінде 12 мыңнан астам көлік электронды кезекте тұр – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. 

 Кеден бекетінде қордаланған мәселелерді шешу керек. Бұл бюджет үшін айрықша маңызы бар сала. Тағы да қайталап айтамын, ондағы былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болуы мүмкін. Қытайдың статистикасы мен біздегі көрсеткіштің айырмасы 5,7 млрд доллар болуы соның дәлеі. Қазір Қытаймен арадағы кеден бекетінде 12 мыңнан астам көлік электронды кезекте тұр. Құзырлы экономикалық операторлардың заңсыз іс-әрекеті туралы бұған дейін де айттым, - деді Тоқаев. 

Президент олар кеденнен және басқа да бақылау органдарынан соншама жеңілдік қалай алып отыр,не себепті бұл мәселе назардан тыс қалғанына қатысты сұрақтарға 10 күнде жауап табуды тапсырды. 

Осы саланың қызсметін заң бойынша қатаң реттеу керек. Жалпы кеден және логистика жүйесіне ірі халықаралық компанияларды тартуды ойластырған жөн. Олар қажетті тасымал көлемі мен жұмыстың ашық болуын қамтамасыз ете алады. Бұл мәселе Үкі етте талқыланды. Осы мәселе бойынша Үкіметке тағы да пысықтап, маған баяндауды тапсырамын, - деді Тоқаев. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы