Қытайлық компания Қазақстанда лифт жабдықтарын өндіруге ниет танытып отыр

10 Маусым 2023, 19:01
701
Бөлісу:
Қытайлық компания Қазақстанда лифт жабдықтарын өндіруге ниет танытып отыр
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Құрылыс және ТКШ істері комитеті Германия, ҚХР және АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана халықаралық форумында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшин Jiangsu WELM Technology Co., Ltd халықаралық компаниясының басшысымен Луо Пингхуимен кездесті.

Т.Қарағойшиннің айтуынша, елімізде құрылыскөлемінің ұлғаюына байланысты лифт жабдықтары өндірісінің перспективасы зор. Ал жаңа өндірістің іске қосылуы бұл бағыттағы сұранысты өтеуге мүмкіндік береді.

Қытайлық компания Қазақстанда лифт жабдықтарын өндіруге ниет танытып отыр

Өз кезегінде Л.Пинхуэй тұрғын үй-коммуналдыинфрақұрылым саласында әріптестікті нығайту екі жаққа да тиімді болатынын айта келе хайнаньдік компанияның Шанхай қаласында жеке ғылыми-зерттеу орталығы бар екенін жеткізді.

Бұдан басқа ведомство басшысы Германия мен АҚШ-тан келген халықаралық компаниялардың өкілдерімен цифрлы технологияларды дамыту, сондай-ақ автоматтандырылған құрылыс процестерін интеграциялау саласында тиімді байланысты нығайту бойынша бірқатар кездесуөткізді.

Мәселен, германиялық Saertex компаниясы құбырларды траншеясыз жөндеу технологиясын жолға қойған және құбырларды санитарлық тазартуға байланысты наноматериалдарға негізделген жаңа материалдарды ұсынып келеді.

Қытайлық компания Қазақстанда лифт жабдықтарын өндіруге ниет танытып отыр

Ал америкалық Bechtel International компаниясының өкілдерімен болған кездесуде су тазарту жүйелерін салудың перспективалы жобаларын мұқият талқылау үшін Лондондағы бөлімшемен өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан бөлек Honeywell корпорациясы (АҚШ)еліміздегі ірі өндірушілермен өз тәжірибесімен бөлісіп, жабдықтар мен IT-технологияларды құрылыс, құрылыс-жөндеу жұмыстары мен жабдықтарды монтаждау бойынша сметалық нормалар мен бағалар жинағына қосуды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы