Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Олжас АДАЙ
23 Қазан 2025, 20:02
765
Бөлісу:
PHOTO

Қытайдың Цзянси провинциясындағы Ванкоу мен Хуанлиң — екі түрлі өмір салтының көрінісі. Бірі тарихты көзінің қарашығындай қорғаса, екіншісі сол тарихты табыс көзіне айналдыра білді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Цзянси провинциясынан.

Ең кішкентай ауыл - Ванкоу

Қытайдың Цзянси провинциясындағы Уюань уезінде орналасқан Ванкоу ауылы – елдің ең тыныш әрі рухани мекендерінің бірі. Мұнда бар болғаны 500-ге жуық адам тұрады, олардың жартысына жуығы – 40 жастан асқан. Ванкоу ауылындағы адам басына шаққан орташа жылдық табыс шамамен 22 000 юань (1 650 000 теңге).

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Бұл ауыл ежелден өзен бойындағы сауда арқылы күн көріп келген. Ал бүгінде тұрмыс түрленсе де, адамдардың салт-дәстүрі мен рухани өмірге деген көзқарасы өзгермеген.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Ауыл көшелерінде кішкентай кофеханалар, қолданбалы өнер шеберханалары мен кәдесый дүкендері кездеседі. Бірақ ең ерекше тұсы – мұнда әр шешім тұрғындардың өз қолымен қабылданады.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Жиналыс ескі ағаш үйде өтеді

Күндердің күнінде ауылдың қарттары мен жастары ескі ағаш үйде бас қосады. Тақырып – жаңа шағын су электр станциясын салу. Бұрынғы генератор тозған.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Мұнда жиналыстар ашық форматта өтеді: әр тұрғын пікірін еркін білдіре алады.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Кеңес отырысының төрінде жазылған сөз көп нәрсені аңғартады:

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

“Жақсы отбасы дәстүрін қалыптастырған әр үй – мықты қоғамның іргетасы”

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Ванкоуда кез келген бастама жоғарыдан емес, төменнен басталады.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Адамдар ұсыныс айтады, біз оны тіркейміз, талқылаймыз, кейін уезд деңгейіне ұсынамыз. Әдетте шешім шығуға үш ай кетеді, – дейді ауыл тұрғыны.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

“Бақыт индексі өлшенбейді, сезіледі”

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Қырғызстандық журналист Сыягүл Караман бұл ауылды “жергілікті демократияның тірі үлгісі” деп атады.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Мұнда бәрі өзара сенімге құрылған. Халық өз мәселесін өзі шешеді, ешкім бұйрық күтіп отырмайды. Сондықтан да мұнда адамдардың жүзі жылы, көңілі тыныш, – дейді ол.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Шынында да, Ванкоудың “бақыт индексі” ресми түрде өлшенбейді, бірақ ол көшелердің тыныштығынан, адамдардың жүзінен және қоғамдағы өзара құрметтен сезіледі.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Армениялық фототілші Хорен Григорян да ауылдың көрінісіне тәнті болды.

Бұл жер мені қатты таңғалдырды. Табиғаты ерекше, үйлерінің бәрі ескі қалпын сақтаған. Адамдары ашық әрі жылы жүзді. Осындай жерлерде тарихтың иісі сезіледі, – дейді ол.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Ол өз камерасына ескі ағаш үйлерді, өзен бойындағы көпірлер мен шеберлердің өмірін түсіріп алған.

Үйлер өте әдемі, бәрі табиғи. Бұл мен үшін ерекше тәжірибе болды, – деп қосты фототілші.

Хуанлиң: туризм мен дәстүрдің тоғысқан мекені

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Ванкоудан бірнеше сағаттық жолда орналасқан Хуанлиң ауылы – мүлде басқа әлем. Мұнда өмір қайнап жатыр, ал туристік автобустардың легі үзілмейді.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Ауылда 823 адам тұрады. Жыл сайын 3 миллионнан астам туристі қабылдайды. Орташа табыс көлемі – 65 000 юань (4 920 000 теңге), бұл Ванкоудан үш есе жоғары.

 

Хуанлиңнің басты ерекшелігі – «晒秋» (шай цю) деп аталатын дәстүр.
Бұл – ауыл тұрғындарының күз мезгілінде жеміс-жидек пен дәнді дақылдарын үйдің шатырында күнге кептіру рәсімі.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Күзде аспан астында жайылған қызыл бұрыш, апельсин, жүгері мен асқабақ көздің жауын алады. Көпшілік бұл көріністі “жер мен аспанның түстер симфониясы” деп атайды.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Сонымен қатар, мұнда рапс гүлінің алқаптары, террасалы егістік, көне көшелер мен түнгі жарық шоулары туристерді жыл он екі ай қызықтырып отырады.

Ванкоу – рух сақталған, өмір баяу ағатын ауыл, ал Хуанлиң – заманауи туризмнің орталығына айналған елді мекен.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж

Бірі тарихты қорғайды, екіншісі – сол тарихты экономикалық табысқа айналдырады.

Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж
Өзгелердің жаңалығы