Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытайдың әскері 2027 жылға қарай қай елге басып кіруге дайындалып жатыр?

Олжас АДАЙ
10 Сәуір 2025, 16:27
3265
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қытай соңғы жылдары ядролық, кибер, ғарыш және қару салаларында қарқынды түрде әскери әлеуетін арттырып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі U.S Department of Defence-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігінің Индо-Тынық мұхиты қауіпсіздігі жөніндегі өкілі Джон Но Өкілдер палатасының тыңдауында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қытай аймақта үстемдік орнатып, АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығын ығыстыруды көздейді. Тіпті Қытай басшысы Си Цзиньпин армиясына 2027 жылға дейін Тайваньды басып алуға дайын болуды бұйырған.

АҚШ бұл жағдайға жауап ретінде аймақта сенімді әскери күштерді арттырып, одақтастармен тығыз әріптестікті дамытуы керек.

Күшті одақтастар агрессияны тоқтатады, – дейді Но.

Ал АҚШ-тың Индо-Тынық мұхиты қолбасшысы Сэмюэл Папаро Қытай армиясының Тайваньға қарсы әрекеттері 2024 жылы үш есе артқанын айтты. Бұл – жай жаттығу емес, нақты басып кірудің дайындығы.

Оның пікірінше, Қытай тек Тайвань емес, бүкіл аймақ пен АҚШ үшін үлкен қатерге айналып отыр. Бұған қоса, Солтүстік Корея мен Ресейдің аймақтағы ықпалы да күрделене түскен. Осыған байланысты Папаро бір жыл ішінде 120 әскери жаттығу өткізілгенін, олардың 20-сы одақтастармен болғанын жеткізді.

Біз дайынбыз. Басты мақсат – соғыстың алдын алу, – деді адмирал.

Өзгелердің жаңалығы