Қытайды зерттейтін орталықтарды көбірек ашу маңызды - сарапшы

6 Мамыр 2023, 13:30
1098
Бөлісу:
Қытайды зерттейтін орталықтарды көбірек ашу маңызды - сарапшы
Фото: Facebook/Kazbek.Maigeldinov

Ұлттық банктің биылғы мәліметіне сәйкес, Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі бойынша Қытай Нидерланд, АҚШ және Швейцариядан кейінгі 4-орында, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Саясаттанушы Қазбек Майгельдинов Қазақстан екі алпауыт держава арасындағы тарихи-географиялық, геосаяси аренада орналасқанын қабылдап, оны тиімді пайдалану керегін айтады.

Біз ештеңені өзгерте алмаймыз, біз мұны факт ретінде қабылдауымыз керек. Ресей постимператорлық саясатын күшейтіп жатқанда, Қытай әлемдегі екінші ірі экономикаға айналып жатыр. Міне, біз осы жағдайды тиімді пайдалануға назар аударуымыз керек. Бүгінде Қытайды зерттейтін орталықтарды көбірек ашу, зерттеу жұмыстарын жүргізу, Қазақстанның мүддесін қорғау аясында ұсыныстар әзірлеу қажет, - дейді ол.

Сондай-ақ саясаттанушы тарихқа көз жүгіртіп, Қытай агрессивті соғыстар жүргізбегенін еске салды.

Қытай өзінің 3 мың жылдық тарихында агрессивті соғыстар жүргізген жоқ, керісінше қорғаныстық сипаттағы соғыстарды жүргізді. Ғұн империясының жорықтарын, Моңғол империясын жаулап алу соғыстарын еске алсақ та жеткілікті. Соңғы мысал ретінде XX ғасырда жапондықтардың қытайлықтарға көрсеткен қатыгездігін айтуға болады. Бүгінде Қытай өзінің тұтастығын сақтау үшін Тайвань аралдары үшін АҚШ-пен қақтығыс жүргізіп жатыр, - дейді саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы