Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, "Хоргос" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығындағы (ХШЫО) кеден бекетінде Қазақстан Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) символикасы бар формалық киімдердің ірі партиясын заңсыз жолмен елге кіргізу әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Polisia деген тану белгілері бар формалар кедендік және шекаралық бақылау кезінде анықталған.

Киім-кешек Қытай тарапынан Қазақстан жағына МЦПС қонақтарының жүгін тасымалдаған автокөлікті тексеру барысында табылды. Барлығы 1 775 килограмм болатын 71 орын жүк тәркіленді, – делінген ресми хабарламада.
Комитет мәлімдегендей, ІІМ-нің ресми символикасы бар формалық киімдер жеке пайдалану тауары болып есептелмейді және оларды елге арнайы ережелерге сәйкес түрде ғана алып кіруге рұқсат етіледі.

Тәркіленген киімдер уақытша сақтау қоймасына жөнелтілді.