Қытайдағы жер сілкінісінен 70-ке жуық адам қаза болды

<p>Қытайдың Сычуань провинциясында орын алған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 66 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.&nbsp;</p>

 7 Қыркүйек 2022 2022, 10:36
7 Қыркүйек 2022 2022, 10:36
1683

Қытайдың Сычуань провинциясында орын алған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 66 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сычуань агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Ганьцзы-Тибет автономдық округіндегі Лудин уезіндегі зілзала магнитудасы 6,8-ге жеткен. 

Табиғи апат Ганьцзы-Тибет автономдық округіндегі 38 адам және Яань қаласының 28 тұрғынының өмірін жалмады. 

Төтенше жағдайлар салдарынан 15 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, 253 тұрғын жарақат алған. 

Жерасты дүмпулері жер сілкінісі ошағынан 200 шақырымда орналасқан Чэнду қаласында да байқалған. 

Зілзалаға байланысты Сычуань провинциясында ең жоғары деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. 

Наверх