Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытайдағы жарылыс: Сегіз адам қаза тапты

Бүгiн, 12:10
284
Бөлісу:
 Report
Фото: Report

Қытайдың солтүстігіндегі кәсіпорында болған жарылыс салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Шаньси провинциясының Шочжоу қаласына қарасты Шаньинь уезінде орналасқан Jiapeng биотехнологиялық компаниясының зауытындағы цехтардың бірінде болған. Жарылыстың себептері туралы әзірге ақпарат берілген жоқ.

Мәліметке сәйкес, оқиғаға байланысты компанияның ресми өкілі ұсталған.

Қазір оқиға орнында болған жағдайды тергеу үшін арнайы тергеу тобы құрылды.

Өзгелердің жаңалығы