Қытайдағы турға шыққан оқушылар 2 қаланы аралады

29 Тамыз 2019, 16:08
4824
Бөлісу:
Қытайдағы турға шыққан оқушылар 2 қаланы аралады
PHOTO
Фото: автордан

ҚХР, Шеньжень, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы Қытай елшілігінің ұйымдастыруымен бір топ оқушы еліміздегі «Жастар жылы» аясында Қытай турында жүр. Үрімші арқылы ұшқан делегация Шеньжень, Чэнду, Ченьчжоу және Бейжің қалаларын аралайды. Жас буын дамыған қалалардың жетістігін көріп, тарихы және мәдениетімен танысады. 3 мұғалім және 24 баланың саяхаты туралы ақпарат тарату мақсатында елшілік арнайы BAQ.KZ тілшісін шақырды.

WhatsApp Image 2019-08-29 at 06.06.20.jpeg

Турдың бағдарламасына сәйкес, бірінші күні балалар Шеньженнің 2 саябағына барды. Екінші күні Оңтүстік Қытай теңізінің жағалауы мен океанариумдағы шоуды тамашалап, қала тарихына арналған музейді аралады.

WhatsApp Image 2019-08-29 at 06.06.24.jpeg

Қала туралы қысқаша айтар болсақ, Шеньжень – 40 жыл бұрын 30 мың халқының санын қазір 12 млн-ға жеткізген Гонконгпен шекарадағы қала. Климаты ыстық, жыл он екі айдың сегізінде жаңбыр жауады. Тұрғын үйі арзан, теңіз порты бар, Huawei, Oppo және тағы басқа брендтік электроника шығаратын арнайы экономикалық аймақ ретінде дамыған шаһар.

WhatsApp Image 2019-08-29 at 06.06.21.jpeg

WhatsApp Image 2019-08-29 at 06.06.22.jpeg

WhatsApp Image 2019-08-29 at 06.06.25.jpeg

Шеньженьде 2 күн болған соң, бүгін Чэндуге келді. Таңертең панда қорығын аралап, түстен кейін опера тыңдады.

WhatsApp Image 2019-08-29 at 07.20.11.jpeg

Елордадағы №62 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ақшуақ Баймұратова тілді меңгеру үшін осындай сапардың көмегі көп және өзінің қытай тіліне деген қызығушылығы бар екенін айтты.

WhatsApp Image 2019-08-29 at 07.20.59.jpeg

«Қытай тіліне қызығушылығым, әрине, бар. Болмаса келмес едім. Сапардан алып жатқан эмоциям көп. Осы екі қаланың өзінен қаншама қызықты, пайдалы ақпарат жинадық. Бірге келген балалардың барлығына ұнап жатыр. Жаңа қала, басқа өмір, өзге мәдениет өзінше әсер қалдыруда. Тағы қытайша сөйлеп, керегімізді сұрауға тырыстық. Жақсы тәжірибе болды. Тағы да келгім келеді. Енді келсем, ата-анамды да алып келер едім», - деді астаналық оқушы.

WhatsApp Image 2019-08-29 at 07.21.06.jpeg

№81 «Astana English School» гимназиясында қытай тілі пәнінің мұғалімі Айжан Әмірғалиева – Әл-Фараби атындағы халықаралық университетінің Шығыстану факультетінің түлегі. Қытайға өзі еңбек ететін мектептің 9-10 сынып оқушыларын алып келді.

WhatsApp Image 2019-08-29 at 07.21.02.jpeg

«Біздің мектепте 2-8 сынып оқушылары қытай тілін үйрену үшін факультативке қатысады. 2-5 сыныпқа дейінгі балаларға аптасына бір рет, ал 6-8 сыныптарға аптасына екі рет өтеміз. Тек тіл үйрену емес, қытай тарихы, дәстүрі, мәдениетін де қосымша таныстырамыз. Олардың қызығушылығын арттырамыз. Егер баланың қызығушылығы ерекше, жоғары болса, оларға факультативтен бөлек тағы қосымша сабақтар ұйымдастырамыз. Балалар 2-8 сынып бойы оқыған соң, қытайша емін-еркін сөйлеп шыға алады. Ондағы иероглифті меңгерудің өзі оңай емес. Мысалға, 2-сынып оқушысы жыл ішінде аптасына бір рет сабаққа келсе, 30 иероглифті меңгереді. Қосымша сабақ нәтижесінде 30 иероглифті үйренеді. Оны жаттау үшін өте көп уақыт керек. Факультативке барлық бала келеді. Бірақ қытай тілін жақсы меңгеріп жүрген балаларға мотивация болсын деп осы турға қосылдық. Балаларға барлығы ұнап жатыр. Қазіргі балалар өте ерекше, жан-жақты. Сондықтан осы сапар олардың тіл үйренуге деген құштарлығын арттырады деген ойдамын. Себебі қазір қытай тілін практика түрінде қолдануда. Ал тіл үйренуде сол ұлттың өз жұртына барудың маңызы зор екенін білеміз», - деді қытай тілі пәнінің мұғалімі.

WhatsApp Image 2019-08-29 at 07.20.10.jpeg

WhatsApp Image 2019-08-29 at 07.21.03.jpeg

Бүгін делегация Чэнду орта мектебіне барады. Кешке Ченьчжоу қаласына шығады.

Жалғасы бар...

Өзгелердің жаңалығы