Қытайда зымыран апатқа ұшырады

1 Шілде 2024, 19:16
275
Бөлісу:
Қытайда зымыран апатқа ұшырады

Қытайда "Тяньлун-3" зымыранын ұшыру сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ғарыш аппараты айлақтан көтерілген соң бірнеше минуттан кейін түтіндеп, жерге құлап түсті. Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеді. Апатқа зымыранның ішкі бөлігінен шыққан ақау себеп болуы мүмкін деген болжам бар. 

Қазір тексеру жалғасып жатыр. Қытайдың "Тяньлун-3" зымыраны америкалық "Спейсикс" компаниясының "Фэлкон 9" ауыр зымыранына ұқсас ғарыш аппараты. Ол жанармай ретінде оттегі мен керосинді пайдаланады.

Өзгелердің жаңалығы