Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытайда жер сілкінді

Кеше, 14:50
319
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының (CENC) хабарлауынша, жерасты дүмпулері таңғы ерте уақытта байқалған. Жер сілкінісінің эпицентрі Ташқорған-Тәжік автономиялық уезі аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар мен қираған нысандар жоқ.

Сондай-ақ жергілікті көлік және байланыс желілері, электрмен жабдықтау жүйесі зардап шекпегені, күнделікті тұрмыс пен өндірістік қызметтің қалыпты режимде жалғасып жатқаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы