Қытайда жер сілкінді

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 27 Қыркүйек 2025 2025, 09:47
27 Қыркүйек 2025 2025, 09:47
526
Фото: pixabay.com

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді.

Сейсмологтар таратқан дерекке сәйкес, дүмпу 27 қыркүйекке қараған түні болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Динси қаласынан шамамен 71 шақырым оңтүстікте орналасқан, ал тереңдігі 10 шақырымға жуық.

Қазіргі уақытта қирандылар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Аймақтағы ахуалды құтқару қызметтері бақылауда ұстап отыр.

Наверх