Қытайда тағы да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерасты дүмпулерін сейсмикалық стансалар желісі 12 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10:34-те тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,8. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,9, - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгендігі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ екені атап өтілді.
Еске салайық, 11 ақпанда қазақстандық сейсмологтар Қытайда бірнеше жер сілкінісін тіркеген болатын.