Қытайда робот-иттер әскери мақсатта қолданыла бастайды

Бүгiн, 02:25
183
Бөлісу:
Қытайда робот-иттер әскери мақсатта қолданыла бастайды
Фото: Deep Robotics

Қытайдың халық-азаттық армиясы жуырда өтке оқу-жаттығу барысында жеңіл атқыш қарумен қаруланған робот-иттерді көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандар жаулармен күресте роботтарды қалалық жағдайда жерасты кешендерін тазалау үшін термобариялық қарумен қаруландыруды ұсынып отыр.

Олар нысананы айқындап, жою үшін ұшқышсыз ұшатын аппараттармен байланысып жұмыс істейтін болады.

Термобариялық қару-жарақ немесе вакуумды бомба әдеттегі жарылысқа қарағанда ұзаққа созылатын жоғары температурадағы жарылысты жасау үішн қоршаған ортадан оттегіні қолданады. Вакуумдық бомбаның қуаттылығы соншалықты адамның денесін буландырып жіберуге қабілетті.

Өзгелердің жаңалығы