Қытайда магнитудасы 6,8-ге тең күшті жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚХР ұлттық сейсмологиялық орталығы таратқан мәліметке сәйкес, зілзала ошағы елдің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында орналасқан. Ошақтан бес шақырым радиуста бірнеше ауылдар бар екені белгілі болды.
Дүмпу жергілікті уақыт бойынша 12:52-де тіркелген. Ошақ 16 шақырым тереңдікте екені анықталды.
Жерасты дүмпуі табиғи апаттан 200 шақырымнан астам қашықтықтағы Чэнду қаласында да байқалған.
Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнында іздестіру-құтқару отрядтары жіберілді.