Бейжіңде Қытай компартиясы ХХ съезінің жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бір аптаға созылған Бүкілқытайлық съездің ашылуында ҚКП-ның бас хатшысы Си Цзиньпин партияның соңғы 5 жылда атқарған жұмыстарын қорытындылап, жеткен жетістіктерін атаған болатын.
Сонымен қатар Қытай басшысы партияның алдағы 5 жылғы стратегиялық жоспарын айқындады.
ҚКП-ның 20-шы съезінде ҚКП Жарғысына түзетулер енгізу туралы қаулы қабылданды.
Сонымен қатар ҚКП-ның 20-шы съезі 19-шы шақырылымдағы тәртіпті тексеру жөніндегі ҚКП Орталық комиссиясының жұмысы туралы баяндама бойынша Қарар қабылдады.
Сондай-ақ ҚКП-ның 20-шы съезі 19-шы ҚКП ОК баяндамасы бойынша Қарар қабылдады.