Қытайда емтиханнан өте алмаған студент сегіз адамды пышақтап өлтірді

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясына қарасты Исин қаласында кәсіптік-техникалық училищеде пышақ жарақатынан сегіз адам қаза тауып, 17 адам жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

 @FRANCE24 17 Қараша 2024 2024, 04:22
17 Қараша 2024 2024, 04:22
2785
Фото: @FRANCE24

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясына қарасты Исин қаласында кәсіптік-техникалық училищеде пышақ жарақатынан сегіз адам қаза тауып, 17 адам жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция таратқан мәліметке сәйкес, 21 жастағы күдікті оқиға орнында қолға түсті. Студент қылмыс жасағанын бірден мойындаған.

Күдіктінің айтуынша, ол емтиханнан өте алмағандықтан аттестат ала алмауы себепті ашуға булыққан. Сондай-ақ оның тағылымдама ақысына көңілі толмаған.

Полиция іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Наверх