Қытайда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

4 Сәуір 2024, 08:04
443
Бөлісу:
Қытайда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді
Фото: baq.kz

Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында жергілікті уақыт бойынша сағат 8:39-да (3:39) магнитудасы 5,5 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Gazeta.ru сайтының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Цинхай провинциясының Хайси-Моңғол-Тибет автономиялық ауданы Маннай қаласында 10 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

4 сәуірде қазақстандық сейсмологтар да сағат 03:43-те магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісін тіркеді. COMЭ мәліметтері бойынша жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 414 шақырым жерде көршілес Қырғызстан аумағында орналасқан.

Біздің аумақта сезілгені туралы ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы