Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қытайда шахтадағы апаттан 21 адам қаза тапты

13 Қаңтар 2019, 12:41
6217
Бөлісу:

Астана, baq.kz. Шаньси провинциясының Шэньму қаласының билігі шахтадағы апаттан 21 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға сенбі күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де «Байцзи» шахтасында болған. Салдарынан 20-ға жуық кенші үйінділердің астында қалып қойған.

Шэньму қаласының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, шахтадағы апат кезінде онда 87 адам болған. Олардың 66-сы шахтадан шығып үлгерген. 22 кенші үйінділердің астында қалған. Бірақ оның 19-ы қаза тапқан. Ал екі кеншіні мамандар құтқармақшы болған.

Кейін қала билігі 2 кеншіні де құтқара алмағанын мәлімдеді. Осылайша, шахтадағы апат салдарынан қаза тапқандардың саны 21-ге жетті.

Өзгелердің жаңалығы