Қытай Жердің қашықтан зондтауына арналған жерсеріктердің екі тобын орбитаға сәтті шығарды. Олар табиғи ресурстарды зерттеуге, егін өнімділігін бағалауға және табиғи апаттардың алдын алуға арналған.
«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, «Яогань-53» тобының 07–09 нөмірлі жерсеріктері және «Яогань-56» тобының 19–21 нөмірлі жерсеріктері Астана уақытымен сағат 06:25-те (Бейжің уақытымен 03:25-те) «Чанчжэн-4Б» (Long March-4B) зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды. Жерсеріктер жоспарланған орбиталарына сәтті шықты.
Бұл жерсеріктер негізінен ғылыми эксперименттер жүргізуге, жер мен табиғи ресурстарды зерттеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағалауға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға және олардың салдарын азайтуға арналған.
Бұл ұшыру «Чанчжэн» («Ұлы жорық») сериясындағы зымыран тасығыштар үшін 673-миссия болды.